ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1250 ТҮЛЕК «АЛТЫН БЕЛГІГЕ» ҮМІТКЕР

2021-2022 оқу жылында Түркістан облысындағы жалпы орта білім беретін мектептерді 27 524 оқушы бітіреді. Оның ішінде 23 274 қазақ, 1 854 орыс, 4 084 өзбек, 312 тәжік сыныптарының оқушылары. Өңірде жалпы 1 250 бітіруші «Алтын белгіге», 1 923 бітіруші үздік аттестатқа үміткер. Бұл туралы брифингте облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы мәлімдеді.
Мектеп бітірушілердің 22 520-ы Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыруға ниет білдірген. ҰБТ аймақтағы 4 ауданда және облыс орталығында орналасқан «USTUDY» тестілеу орталықтарында компьютерлік форматта өткізіледі. Тестілеу орталықтарында 25 аудиторияда 620 компьютерлік орын дайындалған.
«Орта білім беру ұйымдарында 26 мамырдан бастап 17 маусымға дейін жазғы мектепте оқытуды ұйымдастырылады. Жазғы мектеп карантин кезеңінде оқуы тоқтатылған 1-8, 10-сыныптарда білім алушыларға жүргізіледі. Ол үшін 612 мектепте 86 430 оқушы жеке оқу пәндері бойынша білім алады. Жазғы мектепте оқу процесі еркін форматта болғандықтан бағалау жүргізілмейді. Оқушыларға үй тапсырмасы берілмейді», — деді басқарма басшысы.
Айта кетейік, биыл 42 935 оқушы 9-сыныпты бітіреді. Оның шамамаен 75%-ы 10-сыныпта оқуларын жалғастырса, қалғандары колледждерге оқуға барады деп күтілуде. 9-сынып білім алушыларының қорытынды емтихандары 28 мамыр–6 маусым аралығында, 11-сыныптарда 27 мамыр мен 10 маусым аралығында өтеді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.