ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ШАРУАЛАРҒА КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҮШІН 80 МЛРД. ТЕҢГЕ ҚАРАЖАТ ҚАРАЛҒАН

Әлемдік пандемия-коронавирустың экономиканың бірқатар негізгі салаларын тежегендігі белгілі. Осыған байланысты экономиканы тұрақтандыру, кәсіпкерлікті, отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында Үкіметпен антикризистік шара қабылданды. Cонымен қатар, 2020 жылдың соңына дейін экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар бекітілді. Бүгін бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Н.Иманқұлов мәлімдеді.
Оның сөзінше, кәсіпкерлікті қолдау арқылы экономиканы тұрақтандыру шаралары негізінен үш бағытта жүргізілуде. Атап айтқанда, жеңілдетілген қаржыландыру, салықтық жеңілдіктер, несиелік ынталандыру түріндегі қолдаулар.
«Кәсіпкерлік субъектілері үшін қаржыландыру қолжетімділігін арттыру мақсатында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша қаржыландыру көлемі Республика бойынша 1 трлн. теңгеге дейін ұлғайтылды. Бүгінгі таңда Түркістан облысы бағдарламаны жүзеге асыру бойынша республикада көшбастап тұр. Мәселен, бағдарлама шеңберінде 50 млрд. теңгені құрайтын 446 потенциалды жоба бар. Оның ішінде
27,8 млрд. теңгені құрайтын 274 жоба қаржы институттарымен мақұлданып, қаржыландырылуда», – деді басқарма басшысы.
Сондай-ақ, кәсіпкерлердің өндірістік қуатын сақтау және тұрақтандыруға бағытталған «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасына бірқатар өзгерістер енгізіліп бизнес үшін Бағдарламаға қатысу максималды түрде оңайлатылды. Және несие сомасы 2,5 млрд. теңгеден 7 млрд. теңгеге дейін ұлғайтылды, салалық шектеулер алынды кепілдік берілетін несие сомасы
1 млрд. теңгеге дейін өсті, пайыздық ставка 6% көлемінде бекітілді. Бүгінде өңірдегі бағдарламаның бюджеті екі есеге өсіп, 4,8 млрд. теңгені құрап отыр. Қаражат шеңберінде 500 астам кәсіпорынға қолдау көрсетілетін болады.
Одан бөлек, биыл шаруалар «Еңбек» бағдарламасы, «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталық» және «Ырыс» микроқаржы ұйымы» қаржы институтары, Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламалары арқылы бизнесті қолдау мақсатында 80 млрд. теңгеге жуық қаражат қаралған.
Қаржылай қолдаулардың нәтижесінде жыл соңына дейін
50 мыңға жуық кәсіпкерлік, отандық тауар өндірушілер және шаруа қожалықтары қаржылай қолдаулармен қамтылатын болады. Жалпы, экономиканы тұрақтандыру шаларына жеке кәсіпкерлік субъектілерін жаппай қатыстыру басты назарға алынған.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.