ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙЛЫҚ ӘЖЕЛЕР 700 ДАНА БЕТПЕРДЕ ТІГІП, ЕЛГЕ ҚОЛҰШЫН БЕРДІ

Түркістан облысы Жетісай ауданындық әжелер алқасы елде болып жатқан жағдайға өз үлестерін қосу мақсатында Жетісай ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 700 дана бетпердені тегін табыс етті. Бұл бетперделердің барлығын аудандағы ауылдық округтердегі әжелер тіккен. «Біздің бұл әрекетімізді өзге жас аналар мен ару қыздарымыз қолдауы керек. Кесте тіге алатын қызы бар үйдің адамдары бетперде жоқ деп айтуы ұят. Елге келген нәубетті ел болып жұмыла көтеруіміз тиіс»,- дейді аудандық әжелер алқасының төрайымы Айжамал Қоңырбаева.
Әжелердің қолынан шыққан бетперделер аудандағы осал топтағы азаматтарға тегін үлестірілетін болады.
«Өз тарапымыздан қиын-қыстау күнде қол қусырып отырмай, демеу көрсете білгені үшін ауданымыздың ақжаулықты әжелеріне шынайы ризашылығымызды білдіреміз»,- дейді бөлім басшысы Әділхан Әбжанов.
Айта кетейік, бүгінде ауданда бетперде тапшылығы сезіліп тұрған жоқ. Дегенмен көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға демеушілер тарапынан гигиеналық және жеке бас тазалығын сақтау құралдары тегін таратылуда.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.