ТҮРКІСТАН: ЖОЛДАР ҚАРДАН ТАЗАЛАНЫП, ИНЕРТТІ ЗАТТАР СЕБІЛУДЕ

Түркістан облысында наурыз айының 12,13,14-і күндері ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты облыстық маңызы бар автомобиль жолдары жауған қардан тазалануда. Сонымен қатар, қардан тазаланған аймақтарға көк тайғаққа қарсы құм-тұз, инертті материалдарды себу жұмыстары жүруде.
Қазіргі таңда барлық аудандардағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында қадағалау жұмыстары жүргізілуде. Аталған жол мен ондағы құрылыстарды қар басып қалудан қорғауға, сондай-ақ уақытылы тазартуға түрлі 30 техника мен 90-нан астам жұмысшы жұмылдырылған. Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарындағы жол жамылғысына 358 000 шаршы метр инертті материалдар шашылған, құм – 128 текше метр, тұз – 37 текше метр.
Бұдан өзге, «Оңтүстік жолдары» мекемесінің мамандары 13 наурыз күні жол шетіне шығып, қарға тығылып қалған 2 ауыр және 3 жеңіл автокөлікті сүйреп шығарып, ондағы 9 адамды қауіпсіз аймаққа жеткізген.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.