ТҮРКІСТАН: ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫҚ ҮЛГІДЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУГЕ КӨШТІ
Бүгінгі күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында ел аумағында мемлекеттік органдардың жұмысы «Open space» форматына көшіріліп, бүгінгі күні ашықтық және қолжетімділік қағидаттарына айрықша басымдық беріліп келеді.
Осы орайда, ағымдағы жылдың 28 желтоқсан күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті мен Түркістан қаласы әкімдігінің және және Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаментінің бірлескен бірегей жобасы — «Ашық әкімдік» жүйесі аясында қалалық «Халықты жұмыспен қамту орталығы» мекемесіне заманауи бейнебақылау жүйесі орнатылды.
Киелі шаһарда алғаш рет қолға алынған бейнебақылау жүйесінің жұмыс барысын бақылаған Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай 109 — Бірыңғай байланыс орталығында орналасқан жаңа жүйенің артықшылықтарымен танысып, бұл жаңашылдықтар орталық жұмысында орын алатын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға және оны болдырмауға тікелей ықпал ететінін тілге тиек етті.
Қала әкімі Рашид Абатұлы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Айбек Шілманов, қалалық Полиция басқармасының басшысы Бауыржан Селтанов қатысқан шарада қабылдау бөліміне дауыс жазу құралымен қойылған 18 бейнекамера мен сигналды құрылғымен қамтылған 3 камераның ашықтық қағидатын қалыптастырудағы мүмкіншіліктері ортаға салынды.
Мұнда орталыққа келуші санын санау, бір жерде көп шоғырланған адамдарды іздеу, ұмытылған заттарды табу аналитикасы мен кезек және саботаж детекторы (егерде орнатылған камеранының шолуын өшірсе телеграм-ботқа хабарлама келеді), сондай-ақ қызметкерлердің жұмыс тиімділігін санау аналитикалары қарастырылған.
Өз кезегінде аталған жүйенің мәліметтері Түркістан қаласы 109 — Бірыңғай байланыс орталығының арнайы жасалған телеграм-бот қосымшасына хабарлама арқылы келіп түсіп, келген мәліметтер орталық сарапшылар тарапынан тұрақты негізде қадағаланып отырады.
Сондай-ақ, заманауи бейнебақылау жүйесі арқылы қызмет алушы (қызмет алушы рұқсатымен) мен қызмет беруші арасындағы сұқбат онлайн режимдеhttp://www.turkistan2020.kz сайтында жүргізілетін болады.
Айта кетсек, аталған мекеме орнын бейнебақылау жүйесімен толық қамтамасыз ету қала әкімі мен әкімдіктің ресми парақшаларына қала тұрғындары тарапынан келіп түскен өтінімдерге байланысты орнатылып отыр.