ТҮРКІСТАНДА ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ЖИЫН ӨТТІ

Көптеген елдерде діни экстремизмге және терроризмге қарсы күрес – ұлттық қауіпсіздіктің негізі саналады, өйткені азаматтардың қауіпсіздігі, қоғам және мемлекеттің қауіпсіздігі тұтастай мемлекеттің басым бағыттарының бірі болып табылады. Ал қазіргі уақытта өзекті проблемалардың бірі болып табылатын діни экстремизм мен терроризм туралы талқылаудың маңыздылығы жоғары екені де белгілі.

Терроризмнің басты нысанасы–қоғам, қоғамның санасы мен ойы. Бәрінен бейхабар, еш ақпараты жоқ халықты алдау да, арбау да,  қорқыту да қиын емес. Қоғамда болып жатқан шындықты ашық айта білу, оны талқылай білу, сол мәселелер бойынша әділетті шешімге қол жеткізу зиялы, зерделі, парасатты қоғамның бірден-бір белгісі. Мұндай қоғамның ішінде лаңкестік әрекеттерді жүргізу, жасырын, астыртын әреке жасау еселеп қиындай түседі.

Елімізде  қалыпты діни ахуалды қалыптастыру үшін экстремизм мен терроризмге қарсы күрес кешенді түрде қолға алынып, бұл жаһандық дертпен күрес­ке қарсы арнайы заң да қабылданған. Ол заңның орындалу барысы мен терроризмге қарсы түрлі шаралар өткізу өз өңірімізде де қолға алынған. Әлбетте, Елбасы Н.Назарбаевтың «Мәңгілік ел» идеясын іске асырып, қуатты мемлекетке айналу мақсатында ел қауіпсіздігіне қатер төндіретін әрбір шетін мәселенің дер шағында алдын алғанымыз абзал.

Жуырда Түркістан қаласындағы облыс әкімдігінің мәжіліс залында өңірдегі терроризмге қарсы күрес, құқық бұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарының тиімділігі, сондай-ақ оны жетілдіру жолдары мен проблемалық мәселелері қаралды.

Комиссия қорытындысында облыс әкімі Ж.Түймебаев мемлекеттік мекемелердің бірінші басшыларына Қазақстан Республикасының «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңын мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ, ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның орындалуы бойынша тиісті шаралар қабылдауды міндеттеп, террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесі аясында қауіпсіздік шараларына қатысты тиісті тексерулер жүргізуді жүктеді.

К.ТІЛЕПОВА.

«Қазақстан жолы» газеті, №41 (686) 09.11.2018 жыл.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.