ТҮРКІСТАНДА ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

Түркістанда «Ұлттық мектеп лигасы» спорт жарыстары өтуде. Бүгін баскетболдан сайыстың ашылу рәсімі өтті. Спорт додасына төрт команда қатысып, бақ сынайды. Елдегі пандемия салдарынан орын алған уақытша үзілістен кейін командалық спорт сайысы Түркістан қаласында бастау алған болатын. Сайыс кезінде барлық карантин талаптары қатаң сақталады.

«Ұлттық мектеп лигасы» аясында футбол, баскетбол, гандбол, волейбол спорт түрлерінен оқушылар арасында жарыстар өтеді. Мақсаты – жасөспірімдер арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру.

Жасөспірімдерге спорт мектебінен бапкер, кәсіби маман бекітілген. Әр мектеп командаларының өз логотиптері мен ұрандары жасалған. Командалар арнайы спорттық формаларымен қамтамасыз етілген.

Жеңімпаз болған команда облыстық, республикалық, халықаралық мектеп оқушылары арасында спорттық жарыстарға қатысып, ел намысын қорғайды. Наурыз айында облыстық чемпионатта әр аудан, қаладан үздік командалар өзара іріктеуге қатысып, сайыс жеңімпаздары анықталады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.