ТҮРКІСТАНДАҒЫ МҰНАРАЛЫ КРАННЫҢ ЖҮРГІЗУШІЛЕРІНЕ ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Түркістан қаласының құрылыс нысандарындағы 23 мұнаралы кран жүргізушілеріне Еңбек заңнамасының талаптары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, «Kanfar Bulding» ЖШС, «Тамыз құрылыс ББК» ЖШС, «Темир и К» ЖШС, «Inter Construction» ЖШС, «Саха-2005» ЖШС, «АзимСтрой» ЖШС және «TalapStroiService» ЖШС басшылары мен мұнаралы кран жүргізушілерімен кездесті. Онда еңбек шартын жасасу мен өзгерту және толықтыру тәртібін, жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы мен ауысымдық жұмыс, түнгі уақыттағы және үстеме жұмыс пен жалақы төлеудің мерзімдері, лауазымдарды қоса атқарғаны үшін қосымша ақы төлеу туралы мәселелер қозғалды.

Сондай-ақ, жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері (нұсқаулықтан өткізу, арнайы құжаттармен қамтамасыз ету, еңбекті қорғау бойынша оқыту және білімін тексеруден өткізу, арнайы киімдер беру, жұмыскерлерді жазатайым оқиғадан сақтандыру, профилактикалық шаралар жүргізу) нақты мысалдар келтіре отырып түсіндірілді.

Кездесу соңында жұмысшылар тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып, оларға толыққанды жауаптар берілді.

Құрылыс мекемелерінің жұмысшыларымен еңбек заңнамасының талаптары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, облыстың еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы тарапынан алдағы уақытта да жалғасын таппақ. 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.