ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАС ДЕПУТАТ: «ЕЛ СЕНІМІН АҚТАЙМЫЗ!»

Биылғы сайлауда айқын басымдықпен жеңіске жеткен «Nur Otan» партиясының өңірлердегі фракциялары өз жұмысын бастап кетті. Соның ішінде Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары да қоғамдық қабылдаулар өткізіп, елмен жүздесуде. Солардың бірі, Түркістан облыстық мәслихатының жас депутаты Амалбек Өміртай да Келес ауданында бірнеше тұрғынды қабылдап, олардың мәселелерін тыңдады.
«Партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Қыдырғалиұлы кешегі мәлімдемесінде әрбір фракцияның жұмысы назарда болатынын, өңірлерді дамытудың жол картасы әзірлеу қолға алынғанын айтты. Бұл ретте бізге үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Еліміздегі ең үлкен саяси күш «Nur Otan» партиясы жұмысындағы ең негізгі принциптер — мемлекет пен қоғам арасындағы өзара жауапкершілік, өзара сенім, ашықтық. Сондықтан партиямыз сайлауалды бағдарламасында көрсеткен межелі нысандарын орындау үшін жұмысты бастап кетті. Қазіргі таңда «Nur Otan» партиясы атынан мандатқа ие болған депутаттар барлық елді мекенде қоғамдық қабылдау өткізіп жатыр. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен сайлауалды бағдарламаны жүйелі іске асыру бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Бұл бағытта міндетімізді сапалы әрі адал орындауға бар күшімізді саламын. Мақсат — ел сенімін ақтау» — дейді жас депутат.
Бүгінде Түркістан облысындағы түрлі деңгейдегі мәслихаттарда 320 мандат болса, оның 263-ін нұротандықтар иеленген.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.