ТҮРКІСТАННАН СТАМБҰЛҒА ТІКЕЛЕЙ ҰШАҚ ҚАТЫНАЙДЫ

Түркістан қаласындағы жаңадан ашылған әуежайдан ұшатын алғашқы халықаралық рейстерге билеттер сатыла бастады. «Түркістан – Стамбұл – Түркістан» бағытындағы алғашқы ұшақ 2021 жылғы 21 наурызда көкке көтеріледі деп жоспарланып отыр.
Бастапқыда Түркістан және Стамбұл қалалары арасындағы әуе қатынасы аптасына тұрақты түрде жұма, жексенбі күндері 2 реттік жиілікпен қойылып отыр. Кейін аптасына 7 рейске дейін ұлғайып, күн сайын ұшпақ. Билет бағасы 39 999 теңгеден басталады.
Әуе қатынасы кезінде барлық тиісті санитарлық-эпидемиялық талаптар қатаң сақталады. Ұшу кестелері «FlyArystan» әуе компаниясының ресми сайтында жарияланып тұрады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.