ТҮРКІСТАННЫҢ ЖАС СПОРТШЫЛАРЫ 3 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Талдықорғанда жүзуден 2004 жылға дейінгі жастар арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің 11 командасынан 190 спортшы қатысты. Төрт күнге созылған жарыс нәтижесі бойынша Түркістан облысының Су спорты түрлерінен ОРМБЖСМ жүзушілері 3 медальға ие болды.
Талантты спортшы Дариға Тоқтобаева 200 метрге брасс әдісімен жүзуден күміс жүлде еншілесе, 200 метр қашықтықта кешендік жүзуде қола жүлдегер атанды. Ал Дарья Васильченко 400 метр қашықтықта қола медалге қол жеткізді.
Спортшыларды жарысқа Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген жаттықтырушысы Александр Смолеев пен Түркістан облысының аға жаттықтырушысы Жанас Шалдарбеков даярлады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.