Уалихан ҚАЙНАЗАРОВ, Мәжіліс депутаты: Білікті мамандар ауылда тұрақтамайды

Сын көзбен, ашық көзбен қарауымыз керек қой, былайша айтқанда. Өз-өзімізді алдай бермей. Кейбіреуде осындай пікір де бар: «Ауылда үлкен айлық – алпыс мың».

Статистикаға сүйенсек, ел азаматтарының 43 пайызы ауылда тұрады. Сол ауылдардың үштен бірі заңгерлерге,  төрт пайызы есепшілерге мұқтаж. Қызметтің сапасы да көңіл көншітпейді. Себебі, білікті мамандар ауылда тұрақтамайды. Ауылдардағы штат саны да қаламен салыстырғанда әлдеқайда аз. Бірақ жүктемесі анағұрлым ауыр. Машақаты көп, қаржылай қайырымы жоқ жұмысты істеуге жастар құлықсыз. Ал Үкімет қажетті сала қызметкерлерін ауылдарға тартуға түрлі жеңілдік ұсынып, материалдық көмекпен ынталандырғысы келеді.

«Дипломмен – ауылға!» бағдарламасына мұғалімдер мен дәрігерлер ғана емес, мемлекеттік қызметкерлер де қосылуы мүмкін. Әйтпесе ауылда мемлекеттік қызметкерлер қалмайтын түрі бар.

ktk.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.