WSB финалына шығатын Astana Arlans құрамы анықталды

WSB финалына шығатын Astana Arlans құрамы анықталды деп хабарлайды  sports.kz сайты. Алдағы сенбіде Елордамыздың  шаршы алаңында Astana Arlans пен Cuba Domadores командаларының боксшылары кездеседі.

Қазақстандық  команданың бас бапкері Нұрлан Ақүрпеков  «Cuba Domadores»-ке қарсы финалға шығатын боксшылар құрамын атап өтті. Рингте  біздің клубымыздың құрамынан —  Теміртас Жүсіпов (49 кг), Олжас Сәттібаев (52 кг), Ілияс Сүлейменов (56 кг), Закир Сафиуллин (60 кг), Ділмұрат Мижитов (64 кг), Асланбек Шымбергенов (69 кг), Арман Рысбек (81 кг), Антон Пинчук (91 кг) және Олжас Букаев (+91 кг) бақ сынайды.

Оның айтуынша, «Astana Arlans» атынан 75 кг салмақ дәрежесінде кімнің өнер көрсететіндігі әзірге белгісіз, ол бүгін шешілуі тиіс. «Осы салмақта шығады деп жоспарлаған Әбілхан Аманқұл бүгін медициналық тексеруден өтіп, рентгенге түседі. Дәрігерлердің тұжырымынан кейін ғана оның финалға шығу, шықпауы белгілі болады. Егер, жарақат алған боксшының шаршы алаңға шығуына тыйым салынса, оның орнына аталған салмақ дәрежесінде Сапарбай Айдаров шығады», — деді Ақүрпеков.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.