Ж.ОМАРБЕКОВА, Мәжіліс депутаты: … ал атаулы әлеуметтiк көмектi алушылар саны екi есеге азаюда
Қазақстанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі екі есеге ұлғайған. Алайда мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек алатындар саны, керісінше, екі есеге азайып отыр.
2018 жылы 1,6 миллион адамнан 2019 жылы 670 мың адамға дейін азайған. Мұның өзі оң фактор болып табылады. Өйткені ол халық табысының ұлғайғанын көрсетеді.
Алайда, ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз табысы бар халықтың үлесі осы жылдың екінші тоқсанында, 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда, шамамен 2 есеге ұлғайған. Статистика комитетінің деректері осылай дейді.
Бұл халықтың нақты табысының төмендегенін байқатады. Осылайша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар халықтың үлесі екі есеге ұлғайып отыр, ал атаулы әлеуметтік көмекті алушылар саны екі есеге азаюда.
sputniknews.kz