Жанат Омарбекова, Мәжіліс депутаты: …бұл мәселелер толық шешімін таппады

Бүгінде біз педагогтардың еңбекақысын көтеру туралы көп айтамыз. Бірақ еңбекақыны көтеру не үшін керек? Бүгінде тұрғын үй қорының 96%-ы жеке меншіктің еншісінде. Жалақысына қанша пайыз қосылса да, 30 не 50 пайыз бола ма, бұл бір де бір мұғалімнің баспана мәселесін шеше алмайды.

Жергілікті жерлерде педагогтарды тұрақты жұмыста ұстап отыруды үнемі талқылаймыз. Еңбекақы, әлеуметтік көмектер беру мен баспанамен қамту секілді мәселелерді қарастырамыз. Дегенмен бұл мәселелер толық шешімін таппады. Халықаралық тәжірибені алсақ, мысалы Америкада мұғалімдерге пайызсыз несие береді. Егер ол мұғалім жұмыстан кетемін десе бұл жеңілдіктен айырылып, қарызын пайызбен өтейтін болады. Осы бағытты пысықтап алған дұрыс.

 

Дереккөз: Baq.kz, фото «Литер» газеті.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.