Жастар – ел тірегі

Бүгін кез келген қоғамның белсенді буын өкілдері – Халықаралық жастар күні. «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы айтулы бұл датада барлық қала жастарына мықты жігер, зор денсаулық пен баянды бақыт тілейді. Зор үміт пен асқақ арманның символы саналатын жастарды қолдауда партияның қолға алған батыл қадамдары мен баянды жобалары жетерлік. Олардың қатарында «Жастар – Отанға!», «Біз біргеміз», «Ардагерлерді ардақтайық!», «Сәтті қадам» және тағы басқа жобалар бар. Аталған жобалардың барлығы да белсенді жастардың басын қосып, олардың бір мақсатта күш біріктіруіне жол ашу болып табылады.

Партия жастарды бір мақсат, бір мүдде, бір арман жолында бірігуіне ықпал ету жолында «Жас Отан» жастар қанатын құрды. Осыдан жиырма жыл бұрын құрылған «Жас Отан» қатарында қазіргі таңда 100 мыңнан аса белсенді жас бар. Оларға дұрыс бағыт беріп, қолға алған бастамаларына қолдау көрсету партияның басты міндетінің бірі, деп хабарлайды qazaqjoly.kz.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.