Жастар патриотизмін дамыту және әскери патриоттық тәрбиені жаңғыртудағы бірегей перспективалар

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында және «Патриот» республикалық бағдарламасы бойынша «Әскери қолданбалы спорт түрлері бойынша Ұлттық Федерациясы» қоғамдық бірлестігі «Saiyp Qyran» спорттық-патриоттық орталығы жобасымен таныстыру іс-шарасына арналған ашық форум өтті.

 

Іс-шара жастардың, қала тұрғындарының назарын қоғамдық бірлестік қызметінің мақсаттары мен міндеттерімен, «Патриот» республикалық бағдарламасы шеңберінде «Saiyp Qyran» спорттық-патриоттық орталығының жобасымен таныстыру, сонымен қатар еліміздің қауіпсіздік жүйесіндегі авангардтық буынға айналу, елдің қорғаныс қабілетін арттыруда серпілісті жүзеге асыруға, оның халықаралық аренадағы ұстанымын күшейту және қазіргі заманғы кез келген түрдегі қатерлерге оның әзірлігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шараны еліміздегі алғашқы және бірегей қоғамдық бірлестік «Әскери қолданбалы спорт түрлері бойынша Ұлттық Федерациясы» ұйымдастырды.Оның негізгі мақсаты патриоттық тәрбие беру, жастардың бойында азаматтықты, патриотизмді маңызды рухани-адамгершілік және әлеуметтік құндылықтар ретінде дамыту, азаматтардың спортқа және дене бітімін дамыту мен жетілдіруге деген қызығушылығын дамыту, жасөспірімдерді барлық салаға бейімдеу, офицер мамандығын таңдауға әскери-кәсіптік тұрғыда бағдарлануы, сабақтас ғылымдардың білімі негізінде денсаулықты нығайту, салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру, өскелең ұрпақтың бойында Отанға деген адалдықты, оған қызмет етуге әзірлікті, өз күшіне деген сенімділікті, әр түрлі сала қатарына кіруге практикалық дайындықты, серіктестік сезімді, жауапкершілік және әдептілікті қалыптастыру, спорт резервін дайындау, дарынды жастарды анықтау және тәрбиелеу болып табылады.

  • Біздің жастардың бойында патриотизмді тәрбиелеу, олардың өмірлік ұстанымын анықтау – бірлестіктің басты міндеттері. Себебі дені сау және адамгершілігі жоғары адам ғана оның алдына Мемлекет, оның туыстары мен отбасы қойған міндеттерді орындай алады. Дені сау Ұлт барлық жағынан қуатты және мықты мемлекеттің негізі, — деді «Әскери қолданбалы спорт түрлері бойынша Ұлттық Федерация» қоғамдық бірлестігінің бастығы Болат Байжанов.

Бірлестік келешекте республикалық біріншіліктерге қатысу үшін, сондай-ақ әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша халықаралық және әлемдік біріншіліктерге еліміздің ар-намысын қорғау үшін Ұлттық құрама команданы қалыптастыруды көздейді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.