Жаттығу кешендері мен тренажрёлар әскери мамандарды дайындауда қолдануда

Шымкент гарнизонының әскери бөлімдерінде 2021 оқу жылына арналған жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес барлық санаттағы әскери қызметшілермен мамандық бойынша сабақтар басталды.

 

Шымкент гарнизонының әскери бөлімдерінде бүгінгі таңда 900-ге жуық әскери қызметші дайындықтан өтуде, олар үшін әскери мамандықтар бойынша 90-нан астам оқу топтары құрылып, 100-ден астам тәжірибелі сержант-нұсқаушылар іріктелген.

Әскери қызметшілермен сабақтар әрбір әскери мамандық бойынша өзіне сеніп тапсырылған штаттық қару-жарақ пен әскери техниканың функционалдық міндеттерін, материалдық бөлігін, оларды дұрыс қолдану тәртібін зерделеу үшін жүргізіледі.

Сонымен қатар, оқу бағдарламасын сапалы игеру үшін командирлерге, Т-72 танктері және ЖҰМ-2 жаяу ұрыс машиналарының механик-жүргізушілері мен нысанашыларына арналған жаттығу кешендері, сондай-ақ жеке құрамды оқ атуға үйретуге және оқ-дәрілерді жұмсамай ату шеберлігін арттыруға арналған ПРОФИ-2 мультимедиялық панорамалық тренажер қолданылады.

Айта кетсек, тренажерлер оқ атуды, ұрыс машинасын кір мен қарда жүргізуді, оқ-дәрілердің, моторесурстардың және жанар-жағармай материалдарының шығынын азайтады. Бір сөзбен айтқанда, ол жылы сыныпты қатал оқу-жаттығу алаңына айналдырады. Модульдерден тұратын  тренажерлердің әрқайсысы белгілі бір функцияларға арналған және нұсқаушыға аппараттық-бағдарламалық кешені мен бейне мониторлар арқылы нақты уақыт режимінде оқу процесін басқаруға мүмкіндік береді.

«Әскери техниканың тренажерлері – бұл қымбат «күрделі» ойыншықтар ғана емес, сонымен қатар ұрыс машиналарының экипаждарына апат қауіпсіздігісіз барынша тәжірибе алудың инновациялық тәсілі. Симуляторларда дәріс алып, әскери қызметшілер әскери техникада практикалық жүргізу барысында баға жетпес тәжірибе жинақтайды», — дейді рота сержанты Мырзалы Сахов.

Мамандық бойынша дайындық аяқталғаннан кейін жеке құраммен оқу материалын меңгеру деңгейін анықтау үшін бақылау сабақтары өткізіледі. Әскери қызметшілердің мамандық бойынша даярлау сабақтары 2021 жылдың 5 қаңтарына дейін жалғасады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.