Жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында Қазақстан намысын 13 спортшы қорғайды

Жеңіл атлетикадан XVI әлем чемионаты 4-13 тамыз аралығында Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында өтеді. Бұл туралы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап 24.kz  хабарлады.

Дүниежүзілік додаға еліміздің атынан 13 атлет қатысады. Әлем чемпионатының нормативін орындау уақыты 23 шілде күні аяқталды. Осы уақыт аралығында спорттық жүрістен 4 атлет, 2 марафоншы, 2 үш қарғып секіруші, әйелдер арасында 100, 200 және 4х100 метрге командалық эстафетадан Қазақстан құрамасының спортшылары жолдама алған болатын.

Өкінішке қарай, жарақатына байланысты марафоншы Ирина Смольникова әлем чемпионатынан бас тартты. Сондай-ақ Виктория Зябкина жекелей сында тек 200 метрге жүгіретін болды.

Қазақстан құрамасы:

1. Ольга Рыпакова (Шығыс Қазақстан облысы) – үш қарғып секіру;

2. Мария Овчинникова (Қарағанды облысы) – үш қарғып секіру;

3. Виктория Зябкина (Алматы қаласы) – 200 метрге және 4х100 эстафетаға жүгіру;

4. Георгий Шейко (Батыс Қазақстан облысы) – 20 шақырымға спорттық жүріс;

5. Полина Репина (Батыс Қазақстан облысы) – 20 шақырымға спорттық жүріс;

6. Регина Рыкова (Оңтүстік Қазақстан облысы) – 20 шақырымға спорттық жүріс;

7. Диана Айдосова (Алматы қаласы) – 20 шақырымға спорттық жүріс;

8. Елена Наназиашвили (Алматы қаласы) – марафон;

9. Ольга Сафронова (Павлодор облысы) – 4х100 эстафеталық жүгіру;

10. Юлия Рахманова (Алматы қаласы) – 4х100 эстафеталық жүгіру;

11. Рима Кашафутдинова (Қарағанды облысы) – 4х100 эстафеталық жүгіру;

12. Светлана Голендова (Жамбыл облысы) – 4х100 эстафеталық жүгіру;

13. Анастасия Тулапина (Алматы қаласы) – 4х100 эстафеталық жүгіру.

Жаттықтырушылар штабы: Қуандық Елжанов – мемлекеттік жаттықтырушы

Григорий Егоров – бас бапкер

Сергей Алексеев – бапкер

  Денис Рыпаков – бапкер

Дерексөздер: 24.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.