14.08.17-20.08.17 арналған жұлдыз-жорамал

 

Похожее изображениеТоқты

Өміріңізде өзгерістер басталғалы тұр. Баяғыда жерлеген сезіміңіз қайта бас көтереді. Сейсенбі күні жұмыста даму мүмкіндігі туады. Жұма күні жарақат алу қаупі бар. Демалыста қызықтырып жүрген сауалдың жауабын табасыз.

 

Картинки по запросу знак зодиака весыТорпақ

Апта басында артық жұмыс істемей, денсаулығыңызды күтіңіз. Сейсенбі күні қомақты ақша алуыңыз мүмкін. Тек ашуға не нәпсіге еріп, қателік жасаудан абай болыңыз. Демалыс күндері бәрін қойып, спорт залына барғаныңыз жөн.

 

Картинки по запросу знак зодиака близнецыЕгіздер

Біреу қарыз сұрауы мүмкін, бірақ оны қайтарып алуыңыз екіталай. Сәрсенбі, бейсенбі күндері ықпалды адамдармен кездесу күтіп тұр. Жұмада өзен-көлге түспеңіз. Демалыс күндері сізге керемет іскерлік ұсыныс келіп түсуі мүмкін.

 

Похожее изображениеШаян

Өміріңіздің өрлеу кезеңі басталуда. Табысты жаңа жоба бастайсыз. Өзіңізді бақытсыз сезінсеңіз, бәрін өзгертуден қорықпаңыз. Қиындық туа қалса, бәрі өз-өзінен реттеледі. Қиялыңыздағы адамды жолықтыруыңыз да ғажап емес.

 

Картинки по запросу знак зодиака левАрыстан

Апта басында жұмыста сәттілік күтіп тұр. Тек маңызды шешім қабылдауды келесі аптаға қалдырыңыз, оған дейін ойыңыз өзгеруі мүмкін. Сейсенбі күні жолға шығасыз. Сенбі күні қай істі қолға алсаңыз да, сәтті аяқталары сөзсіз.

 

Картинки по запросу знак зодиака деваБикеш

Өміріңіздегі күтпеген өзгерістер біраз шығын әкеледі. Сондықтан, күмәнді келісімнен бас тартыңыз. Әлдебір қайғы соңы жақсылыққа ұласады. Жұма күні ғажайып оқиғаларға тап боласыз. Жексенбі күні жаңа жоба бастайсыз.

 

Картинки по запросу знак зодиака весыТаразы

Ескі жоспарыңызды іске асыратын кез келді. Дәл қазір әрекет етпесеңіз, шаң қауып қаласыз. Сәрсенбі – шығармашылық адамдары үшін табысты күн. Денсаулығыңызға мұқият болыңыз. Демалыста үйіңізден қонақ үзілмейді.

 

Похожее изображениеСарышаян

Бұл аптада құрған жоспарларыңыз болашақта міндетті түрде орындалады. Сәрсенбі күні ғайыптың күшімен көптеген кедергілерді жеңесіз. Бейсенбіде балықтан улану қаупі бар. Жұма күтпеген кездесулерге толы күн болмақ.

 

Картинки по запросу знак зодиака стрелецМерген

Жалғыздықтан жабығып жүргендердің бұл аптада айы оңынан туады. Бәлкім, алыстан келген бір адаммен танысарсыз. Әлдебір сот ісі  сіздің пайдаңызға шешіледі. Жексенбі күні жақсы сыйақы немесе қомақты қаламақы аласыз.

 

Картинки по запросу знак зодиака козерогТауешкі

Апта ортасында қолында билігі бар бір адаммен кездесесіз. Ол болашақта сізге мықты сүйеніш болуы мүмкін. Жұма күні өкіндірер іс жасаудан абай болыңыз. Демалыста біреуге жасаған жаман не жақсы ісіңіздің есесі қайтады.

 

Картинки по запросу знак зодиака водолейСуқұйғыш

Іскерлік салада күтпеген жерден даму мүмкіндіктері пайда болады. Біреуге жасаған жақсылығыңыз еселеп келеді. Дүйсенбі күні жарақат алу қаупі бар.

Сенбіде басталған жылт етпе сезімнен көп күтпеңіз, ол ұзаққа созылмайды.

 

Картинки по запросу знак зодиака рыбыБалық

Апта бойы туыстарыңыз бен таныстарыңыз үйіңізден шықпайды. Сәрсенбі күні ақшаның кесірінен ұрыс шығуы мүмкін. Жұма күні көптен күткен бір хабарыңызды аласыз. Жексенбі күні барлық қиындықтар із-түзсіз жоғалады.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.